Алматыдағы тағы бір көшедегі қозғалыс бір тәулікке шектеледі

Алматыдағы Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығында қозғалыс бір тәулікке шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рысқұлов-Бөкейханов жолайырығындағы аумақта орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

31 шілде сағат 23:00-ден 1 тамыз сағат 23:00-ге дейін шығыс бағытта Рысқұлов даңғылынан Бөкейханов көшесіне дейінгі бұрылыста, сондай-ақ Бөкейханов көшесіндегі оңтүстік бағыттан шығыс бағытқа қарай бұрылыс пен Рысқұлов даңғылына шығар жол толығымен жабылады.

 

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!