Дәрігер аптап ыстықта айран ішудің пайдасы туралы айтты

Дәрігер аптап ыстықта айран ішудің пайдасы туралы айтты
Фото: depositphotos.com

Айран аптап ыстықта жақсы сергітетін сусын. Бұл туралы эндокринолог Наталья Балашова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pravda.Ru сілтеме жасап.

Жазда квастың орнына айран ішкен ағза үшін әлдеқайда пайдалырақ. Маманның айтуынша, осы ашытылған сүтті сусынның құрамындағы тірі айран саңырауқұлақтарының денсаулыққа пайдасы бар. Сонымен қатар, ол ас қорытуға пайдалы микроағзалардың көзі. Жазда тұтынуға құрамы мен майлылығы өзгермейтін өнімді таңдаған дұрыс.

Сондай-ақ, ол егер ұйықтар алдында қарныңыз ашса, айран ішуге болатынын жеткізді. Өйткені ол асқазан-ішек жолдарына ауыртпалық түсірмейді. Айран ағзаға оңай сіңеді, оның құрамында ақуыздар, майлар мен көмірсулар бар. Оған қоса, оның құрамында талшық жоқ, сондықтан айран асқазан мен ішектерге ауыр жүктеме түсірмейді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә