- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теміртауда 6 жасар...
Теміртауда 6 жасар бала терезеден құлап мерт болды
Фото:
depositphotos.com
Қарағанды облысында 6 жасар бала 6-қабаттың терезесінен құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Көпқабатты үйлердің терезелерінен балалар құлайтын оқиға жиілеуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ата-аналарға ескерту жасады:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
- Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
- Баланың өздігінен ашылуына жол бермеу үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
- Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!
- Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһазды терезелерден алыстатыңыз!
Еске салайық, бұған дейін Атырауда үйдің терезесінен құлаған бала аман қалғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова