Ақорда Тоқаевтың алдағы күндерге жоспарын жариялады

Ақорда Тоқаевтың алдағы күндерге жоспарын жариялады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.
  • 7-8 тамыз күндері Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев елімізге мемлекеттік сапармен келеді.
  • 9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы консультативтік кездесуі өтеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова