- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әншілердің өзі 10...
"Әншілердің өзі 10 миллионға келді". Шымкентте 200 миллион теңге жұмсалған сүндет той жұртты шулатты
Желіде Шымкентте өткен сүндет той жұртты шулатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сүндет тойдың кадрларын блогер Айя Әжібек әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Блогердің айтуынша, тойды оның құрбысы өткізген. Оның мәліметінше, тойға әншілердің өзі 10 миллион теңгеге шақырылған.
"Шымкенттегі 200 миллион теңгелік сүндет той.
Бұл тойдың иесі - менің ең жақын құрбым Әсел. Әселмен университет оқып жүргенде таныстық. Бір етікті киіп, бір нанды бөліп жегенбіз. Ол туралы бүгін стористе бөлісемін.
Туф, мына тойдың атмосферасын видеодан сезіндіңіз бе? Шымкенттің нөмірі бірінші тойханасында осындай атмосфера болды. Әншілердің өзі 10 миллион теңгеге келді.
Иә, осындай достарым бар. Ал сіз сүндет тойды осылай дүркіретіп өткізуге қалай қарайсыз?" - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Ал желі қолданушылары Шымкенттік отбасының қарапайым сүндет тойға үлкен қаражат жұмсағанына наразы.
"Ақша көп болса, тойға емес, жетім-жесірлерді тойдырыңдар, мақтанатындай той емес", "Оданда 200 миллионды маған берші, Отырар кітапханасындай кітапхана ашып, 30 Әл-Фарабидің шығуына көмектесейін", "Тоймен ешкімді қызықтыра алмайды ғой", "Ысырап. Мұндай ақшам болса да, бұлай жасамас едім", "Керексіз понт. Эх, қазағым-ай.....Абай атамыз дұрыс айтқан болар", "Ысырапшылдық", "Ұл баланы сонша көкке көтеріп, 200 миллион теңгеге той жасағаны несі?", "Тойға тойдық. Дарақылық, ғылыммен айналысып жатқан елдерден ұят, шамамыз жарысып той жасаудан аспайды", - деп жазған олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә