"Олимпиадаға өзім дайындадым". Серік Ибрагимов Елдос Сметовпен қалай күрескенін көрсетті

Әнші Серік Ибрагимов әлеуметтік желіде Елдос Сметовпен күрескен видеосын жариялап, "өзім дайындадым" деп әзілдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Олимпиада чемпионы, алтын жүлдегері, қазақтың батыры. Құтты болғай! Бәріне дәлелдеді. Үлкен жүрек иесі. Өзім дайындадым. Видеоның соңын көріңіздер! 5-6 жыл бұрынғы видео, ол кезде мен формада емес кезім", – деп жазды әнші.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!