"Орден өз орнын тапты". Қыран Талапбек "Құрмет" орденін басқа адамға табыстады

Жақында "Құрмет" орденін алған мобилограф Қыран Талапбек "бұл атаққа лайық емес" дегендердің сөзіне құлақ асып, орденін басқа адамға табыстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әуелі Алла, одан кейін мені қолдаған әр жанға алғысым шексіз. Еңбегімізді бағалаған @tokayev_online және мүмкіндік берген әр адамға алғысым шексіз. (Атын айтпасам да біледі)", - деген Қыран Талапбек өзінің бұл орденге лайық емес екенін мойындады. 

"Бірден айтамын, "Бұл орденге лайықты емес екенімді мойындаймын". Бұл менің емес, өз еңбегімен адал жұмыс істеп, адал нанын тауып журген 30 мың жас мобилограф мамандардың ордені. Бұл менің емес, өз арманына ұмтылғысы келетін жастардың ордені. Құттықтап қолдаған әр жанға рахмет! "Лайық емес" деп наразы болғандарды да түсінемін. Артық алып бара жатқан ештеңеміз жоқ. Сондықтан "орден" өзінің орнын тапты. Мен үшін ең лайықты кісі. Әкеме бердім", - деген ол әкесіне "Құрмет" орденін табыстап жатқан видеосын жариялады. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!