"Тергеуші Көкшеге жолға шықты". Қымбат Досжан Жәнібектің анасын іздеуге көмектескен адам туралы айтты

"Тергеуші Көкшеге жолға шықты". Қымбат Досжан Жәнібектің анасын іздеуге көмектескен адам туралы айтты
Фото: instagram.com/kymbatdoszhan/

Тележүргізуші, журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында Жәнібектің анасын іздеу жұмысы әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"30 шілде - әлемдік Адам саудасына қарсы күрес күні. Қазақстан адам саудасына қарсы заңнаманы күшейтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының сайтына шыққан мақаланы оқи отырыңыздар. Журналист Күлпаш Қоңыроваға рақмет. Мұрат Савелиевтің (ред. Жәнібектің) анасын іздеу бір сәт тоқтаған жоқ. Тергеуші Көкшеге жолға шықты", - деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

 Журналистің жазбасына қарағанда, жақында Жәнібектің анасы туралы жақсы жаңалық та келіп қалатын шығар. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева