Алматыда үй салуға берілген жерді мәжбүрлі түрде алу туралы шешім шығарылды
![Алматыда үй салуға берілген жерді мәжбүрлі түрде алу туралы шешім шығарылды](/userdata/news/news_112905/image_l.png)
Алматының жер ресурстарын басқару департаменті ЖШС-не қатысты жүргізілген тексеру барысында жер телімін ұзақ уақыт пайдаланбау фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жалпы ауданы 2,14 га жер учаскесі тұрғын үй құрылысына берілген болатын.
"Департаментпен ЖШС-не аталған бұзушылықтарды бір жыл мерзімде жою бойынша тиісті нұсқама берілді. Алайда аталған нұсқамадағы талаптар орындалмағандықтан, Департамент жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа талап арыз жолдады", - делінген хабарламада.
Алматы сотының 2024 жылғы 31 мамырдағы шешімімен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан