Алматыда кәсіпкер жер инспекторына пышақпен шабуыл жасады

Алматыда кәсіпкер жер инспекторына пышақпен шабуыл жасады
Фото: depositphotos.com

Алматыда мемлекеттік жерді озбырлықпен басып алған кәсіпкер жерге орналастыру бөлімінің инспекторына шабуыл жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде Алматыда болған төбелестің видеосы тарады. Ондағылардың бірі жер инспекторы екені айтылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның 22 шілдеде болғанын хабарлады. 

"Тексеріс қорытындысы бойынша А.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 136-бабы бойынша шара қолданылып, 21 маусымда бір ай мерзіммен аталған павильонды бұзу туралы ұйғарым шығарылды. Кәсіпкер бұйрықты орындаудың орнына бөлім инспекторына пышақпен шабуыл жасаған", - деп хабарлады министрлік.

Департамент қызметкері ауруханаға жатқызылды. Оның пышақ жарақаттары жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан