Павлодарда әйел адамды көшеде пышақтап кетті

Зардап шеккен адамды көшеде пышақтап кеткені туралы ақпарат пен оқиға орнынан түсірілген фото әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту сағат 19:53-те түскен. 

1988 жылы туған әйел адам мойын жарақатымен Ғалым Сұлтанов атындағы клиникалық ауруханаға жеткізілді. 

"Кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында әйел адамда кеуде қуысының пышақ жарақаты, күретамырдың зақымдануы анықталғанын хабарлады. Операция жасалғаннан кейін хирургия бөліміне ауыстырылған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!