Атырауда үйдің терезесінен құлаған бала аман қалды

Атырауда 6 жасар бала терезеден құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің ТЖД мәліметінше, 29 шілдеде сағат 16:00 шамасында Атырау қаласы Б.Құлманов көшесі бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің 3-қабатының терезесінен 2018 жылы туған бала құлап, жарақат алған.

Атырау облысында жыл басынан терезеден құлау дерегі бойынша 7 жағдай тіркелді. Соның ішінде 6 бала жарақат алды. 1 бала қайтыс болды.

Атырау облысы ТЖД ата-аналарға маңызды ескерту жасады:

- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- москит торлары құлаудан қорғамайды;
- балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз;

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!