Енді eGov Mobile арқылы тағы бір анықтаманы алуға болды

Енді қазақстандықтар eGov Mobile мобильді қолданбасы арқылы өз балаларына соттылықтың жоқтығы туралы анықтама ала алады. Бұл қызмет кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қолжетімді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық ақпарттық технологиялар АҚ мәліметіне сілтеме жасап.

"Пайдаланушылар анықтама форматын таңдай алады: электронды түрде немесе апостильмен қағаз түрінде. Егер апостилмен анықтаманы таңдасаңыз, Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын көрсетуіңіз және мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек.

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама - талап ету орны бойынша ұсынуға, шетелге шығу кезінде визаны ресімдеуге, тұруға ықтиярхат алу үшін, ҚР азаматтығын алу, қайта алу не одан шығу үшін қажет".

Қызметті алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  • еGov Mobile қолданбасында авторизация жасаңыз және "Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту" бөліміне өтіңіз;
  • "Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру" тармағын таңдаңыз және қажетті өрістерді толтырыңыз.
  • Өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.
  • Нәтижені Жеке кабинет тарихында тексеруге болады. Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут, ал қосымша тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күніне дейін. Шетелге шығу үшін қажетті анықтамалар үшін мерзім де 5 жұмыс күніне дейін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!