Елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайыз. Бұл қаншалықты қауіпті?

Қазақстанда жұмыспен қамту мәселесі өзекті мәселе болып қалуда. Соңғы мәліметтер бойынша, елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрап тұр.  Салыстыру үшін айтсақ, 2010 жылы бұл көрсеткіш 5,8 пайызға жеткен. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне қарамастан, Қазақстанда әлі де 452 мың жұмыссыз адам бар , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының 2024 жылдың І тоқсандағы дерегі бойынша, еліміздегі 452 мың жұмыссыз адамның  67 мыңы жұмыстан қысқарып қалған. Тағы 115 мың адам жұмыс орындарын өз еркімен тастап кетсе, 90 мың адам отбасылық себептермен жұмыстан кеткен.

41 мың үй шаруасындағы адамдар еңбек нарығынан тыс қалған. 12 мың адам денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайды. 19 мың адам оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс таба алмаса, 88 мың адамның жұмыс табу мүмкіндігі жоқ.

Қалған жұмыссыздар – әртүрлі топ, оның ішінде тәжірибесі жоқ жас жұмысшылар, кәсіпорындардың жабылуына байланысты жұмысынан айырылғандар және еңбек нарығында кемсітушілікке ұшырағандар.

Мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты департаментінің макроэкономикалық зерттеулер және болжау басқармасының бас маман-талдаушысы Әділханова Зарина өз зертеуінде түсінктеме берді.

"Қазақстанда он жылдан астам жұмыссыздық деңгейі 4,7-5,0 пайызды құрайды. Тіпті 2020 жылғы пандемия кезінде, бүкіл әлемде жұмыссыздық көрсеткіштері айтарлықтай өскен кезде, Қазақстанда ол бұрынғы аралықта қалды" , - дейді маман.

Маманның зертеуіне сүйенсек жұмыссыздыққа байланысты дабыл қағатын уақыт 7-8 пайыз аралығы екен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз