Ақтөбеде ер адам 19-қабаттан секіріп кеткен

Ақтөбеде ер адам 19-қабаттан секіріп кеткен
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Ақтөбеде ер адам 25 қабатты үйдің жоғары қабатынан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 30 шілдеде шамамен түнгі сағат 2-де болған.

Басылым мәліметінше, №112 "В" үйдің 19-қабатынан ер адам секіріп кеткен. Ал Полиция департаментінің мәліметі бойынша марқұм 29 жаста еді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

"Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полиция қызметкерлері.

Еске салайық, бұған дейін алматылық қыз жоғары қабаттан секіріп, суицид жасаған сәт видеоға түсіп қалғаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова