Түркістан облысының тұрғынынан 300-ге жуық түп сора тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан 300-ге жуық түп сора тәркіленді
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан 300-ге жуық түп сора тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді. 

Нәтижесінде күдікті ретінде 51 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер оның үйіне тінту жүргізу барысында үйінің алдына егілген 281 есірткіге ұқсас өсімдікті тауып, тәркіледі. Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның сора екенін растады. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина