Павлодарда жоғалған баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр

Павлодарда жоғалған баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Vita іздеушілер ұйымы мәліметінше, бала сөйлемейді. Бойы шамамен - 125 см, кеудесінде отадан қалған тыртық бар. 

"Ата-анасы іздестіріліп жатқан балаға қарасам, өрт қойған балаға ұқсайды. Әкесіне қолдау көрсетіп, қаражат жинаған болатынбыз. Әкесіне хабарласа алмай отырмын. Бәлкім, нөмірін ауыстырып тастаған", - дейді Vita іздеушілер ұйымының еріктісі Екатерина Кудрявцева.

Оның айтуынша, әкесі техникалық қызмет көрсету станциясында жұмыс істесе, анасы Астанада тұрады. Екі ай бұрын көріп, ұлының жағдайы туралы сұрастырғанда әлі күнге дейін жәрдемақы ала алмай жүргенін айтқан. Бала ешқандай орталыққа бармайды. Отбасы өрттен кейін жөндеу жүргізілген пәтерден көшіп кеткен. Қазір қайда тұратыны белгісіз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!