Ақтаулық оқушы халықаралық олимпиадада жүлделі орын алды

Ақтаулық оқушы халықаралық олимпиадада жүлделі орын алды

Ақтаулық оқушы IChO - 2024 химия олимпиадасында қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сауд Арабиясында IChO-2024 химиядан 56-ші халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Ақтаулық оқушылар жүлделі орындарды иеленді, оның екеуі - ең жоғарғы марапат.

International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді топ-7 олимпиадалардың қатарына кіреді. Қазақстандық оқушылардан құралған құрамамыз үшінші жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп келеді, биылғы жылы жас химиктеріміз қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 пайыз нәтиже көрсетті. Олардың ішінде "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әділжан Молдағұл бар.

Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен құрама команда мүшелері бірнеше республикалық және халықаралық оқу-жаттықтыру жиындарына қатысып, 2024 жылғы Еуропалық және Дүниежүзілік олимпиадаларда 100 пайыз нәтижелер көрсете білді.

Сонымен қатар, халықаралық ірі олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға еліміздің жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ ақшалай сыйақы төленеді. Алтын медаль үшін 1500 АЕК, күміс медаль үшін 1000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК төленеді және оқушыларды дайындаған тәлімгерлеріне де марапат қарастырылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина