Қызылордада үйден жарылыс шықты: балалардың жағдайы ауыр

Қызылордада үйден жарылыс шықты: балалардың жағдайы ауыр

Қызылордада үйден жарылыс шықты. Үйде болған төрт баланың жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің сөзінше, екі баланың денесі 85 пайызға күйген.

Оқыс оқиға 29 шілдеде кешкі сағат сегіз шамасында әл-Фараби шағын ауданында болған. Жойқын жарылыстан үйдің күлі көкке ұшып, төбесі ортасына түскен.

Денесін күйік шалған 13 пен 15 жас аралығындағы төрт жасөспірім қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина