"Әйелдің жауы әйел". Абай Бегейдің жары сынға қалды

"Әйелдің жауы әйел". Абай Бегейдің жары сынға қалды
Фото: Әлеуметтік желі

Өзіне үй жұмыстарына көмектесетін адам іздеген танымал әнші Абай Бегейдің жұбайы Фариза Жұманова жұрттың сынына қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің жары әлеуметтік желідегі парақшасында көмекші іздейтінін айтып, жұмыс іздеп жүргендер болса, өзіне жазуды өтінді. Бұған оның оқырмандары ашуланып, түрлі пікір қалдырған көрінеді. Кейінірек Фариза Жұманова өзін сынағандарға жауап берді.

"Ойпырмай, қанша адамды бұғаттап тастадым.
Не болды сонша көре алмай көмекші алғанымды?
Жылайын ба, күлейін бе?
Жұрттың қатыны мен келіні дым жасамай жатқанына сонша ашулы әйелдер. Әйелдің жауы әйел.

Қыздар, келіншектер бұл әлемде онсызда жаманшылық жетерлік, ең болмаса біз бір-бірімізге қолдау көрсетейікші! Бір-біріміздің аяғымыздан шалмайықшы! Мысалы, кешегі ұтыскерді айтайық. Ол үйде отырған 4 баланың анасы, күйеуі күні-түрі құрылыста жұмыс істейді. Мешітте отырған жерінен алла сый етіп, 8 миллион теңге бере салды. Соның өзінде "дұрыс қуанбады" деп тағы сол баяғы әйелдер қауымы жеп барады.
Бұйырған нәрсе кетпейді, біреу үшін қуана білудің өзі қуаныш емес пе?!
Мұны не үшін айтып отырмын? Бір әйел өзіне көмекке адам жалдаса, тамаша емес пе? Күйеуі сондай мүмкіндік берсе, бәрекелді емес пе? Сол әйел үшін қуанайықшы! "Бізге де күйеуіміз көмекші алып берер" деп", - деп жазды ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә