"Нұртаспен бөлек шыққымыз келеді". Гүлзира Айдарбекова шетелден үй алу туралы жоспарын айтты

"Нұртаспен бөлек шыққымыз келеді". Гүлзира Айдарбекова шетелден үй алу туралы жоспарын айтты
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова күйеуімен бірге балаларынан бөлек шығып, шетелден үй алғысы келіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл туралы Айнұр Асанбердінің "Әсембике" бағдарламасына берген сұқбатында мәлімдеді. 

"Кейде ойлап қоямын, бала-шағамыз әбден өсіп-өнген соң Нұреке, екеуміз өзіміз бөлек шықсақ қой деп. Қазір енді заман басқаша ғой, ақысына тамақ істейтін, үй жинап беретін адамдар бар. Ешкімге зиянымызды тигізбейік, сол кезде сыйлы боламыз деймін. Бірақ әзірге бәрі реттеліп болсын деп күтіп жүрміз", - деп ағынан жарылды Гүлзира Айдарбекова. 

Бағдарламаның жүргізушісі продюсерден "Шетелден үйлеріңіз бар ма? Ағамен жиі шетелде демаласыздар ғой" деп те сұрады. 

"Сол бір жұрттар сияқты шетелден үй алып, ондай бір іс жасамаппыз. Бірақ ойымызда бар. Өйткені, Кипр бізге қатты ұнады. Бір жағы тау, бір жағы теңіз. Қартайғанда барып, бір 10-15 күн жатып, демалып тұру үшін шетелде бір үй болғаны дұрыс-ау деп ойланып жүрмін", - деп жауап берді ол. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева