"Кадрда әдемі емес". Ninety One тобындағы Alem неге боянатынын айтты

"Кадрда әдемі емес". Ninety One тобындағы Alem неге боянатынын айтты
Фото: the-steppe.com

Ninety One тобындағы Alem "Ащы шоу" бағдарламасында берген сұқбатында неге боянатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ащы шоу" бағдарламасының жүргізушісі Руслан Тай Ninety One тобындағы Alem лақап атымен танылған Батырхан Маликовпен болған сұқбатта әншінің бояну, макияж сияқты құбылысқа қалай қарайтынын сұрады. 

"Әртіс ретінде жақсы қараймын. Күнделікті өмірде боянып жүруге себеп жоқ қой. Тек камераның алдында боянамын. Жарық түскенде бетің жылтырап тұрмауы керек. Кадрда әдемі болып көріну үшін боянамыз ғой. Кез келген түсірілім кезінде кем дегенде бетің жылтырамау үшін пудра жағатын мамандар отырады. Кейде, тіпті, бетіңе безеу шығып кететін жағдайлар болады. Ол көзге ұрып көрініп тұрмау үшін креммен жабады. Жалпы, бояну дегеніміз адамның жеке комплекстерімен, өзіне ыңғайсыздық туғызатын нәрселерімен күресуі ғой. Сондықтан, мен үшін қалыпты нәрсе", - деп жауап берді Аlem.

Бағдарламаның екінші жүргізушісі Қайрат Жан қонақтан макияжға Ninety One тобына келмей тұрып-ақ қалыпты нәрсе ретінде қарап-қарамағанын сұрады. Аlem макияжға ешқашан айыптаушы көзқараспен қарамағанын жасырмады.

Тіпті, алғаш топқа келгенде шаш боятуға дайын болғанын, алайда Ерболат Беделхан "жоқ, саған әлі ерте, қажет емес, әзірге осы қалпыңда қал" деп рұқсат бермей қойғанын айтты. 

"Алғашында топтағы бір-екі бала шашын бояп еді, "бізге әзірге осылар да жетеді" деп маған шаш бояуға рұқсат бермеді", - дейді Аlem. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева