"Үйреніп жатырмын". Дина Төлепберген өмірінде қандай өзгеріс бар екенін айтты

"Үйреніп жатырмын". Дина Төлепберген өмірінде қандай өзгеріс бар екенін айтты
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen/

Танымал журналист, тележүргізуші Дина Төлепберген қазір немен айналысып жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Медитация жасауды үйреніп жатырмын. Әзірге тыныш отырудың өзі қиындау маған. Менімен көріскіңіз келсе, күнде таңғы 07.00-де Тереңқұрда боламын", - деп хабарлады Дина Төлепберген. 

Естеріңізге сала кетейік, жақында журналист аффирмация айтып, армандар картасын жасап жүргені туралы да мәлімдеген болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева