"Қарыз сұрайын деп тұрған сияқты". Меруерт Түсіпбаеваға Ұлықпан Жолдасов жолдаған хабарлама ойландырып қойды

Әнші Ұлықпан Жолдасов өнердегі әріптесі Меруерт Түсіпбаеваға ерекше хабарлама жолдап, ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында әнші Ұлықпан Жолдасов Меруерт Түсіпбаеваға ұзақ аудио жіберген екен. Аудиода: "Сәлем, Меруерт, қалайсың? Ұлықпан ағаң ғой. Бүгін ескі видеоларды, "Бауыржан шоуды" қарап отыр едім. Сенің мына әніңді естіп қалдым. Әнін Ермек жазған ғой, не деген ән деймін ғой. Бұрын да талай естіп жүрмін ғой. Бірақ осы кезде жалғыз өзім отырып қалдым ба, сонау 90-жылдарға кетіп қалдым ғой", - дейді әнші. 

Ұлықпан Жолдасовтың аудиосын әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған Меруерт Түсіпбаева "Қай ән туралы айтты?" деп оқырмандарына жұмбақ жасырды. Тыңдармандар қауымы бірден "Мұңлы жанарым" әні екенін тапқан. 

Желі қолданушыларының түрлі пікір жазғанын байқауға болады. Оның ішінде әзілге жақындары да көп сияқты. Мұны "Ұлықпан аға сізден қарызға ақша сұрайын деп тұрған сияқты", "Ұлықпан ағаң емес Айсараның Қылышбегі айтып тұрғандай ғой", "Ұлықпан Жолдасов па мынаны айтып тұрған? Менің құрдасым ғой" деген әзілге толы пікірлерден байқауға болады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!