Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Олимпиададағы екінші матчында қарсыласынан жеңісті жұлып алды

Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Олимпиададағы екінші матчында қарсыласынан жеңісті жұлып алды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 1/8 финалына өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кирилл 1/16 раундта тартысты кездесу өткізді. Германиялық Дан Цюмен кездесуде қазақстандық 1:3 есебімен жеңіліп тұрды. Алайда кейінірек Герасименко есепті теңестіріп қана қоймай, жеңіске де қол жеткізді.

Қорытынды есеп 4:3. Кирилл 1/8 финалға өтті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан