Қостанайда 8, 12, 13 жастағы балалар 5 жасар қызды зорлаған

Қостанайда үш бала 5 жасар қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі Massaget.kz тілшісіне Қостанай облыстық Полиция департаменті растады.

Желідегі дерекке сүйенсек, 8, 12, 13 жастағы ұл балалар 5 жасар қыздың шекесінен ұрып, зорлаған.

"Қыздың анасының айтуынша, балалар қыздың үнін шығармауы үшін ойыншық салынған қап берген", - деп жазылған дереккөз мәліметінде.

Қостанай облыстық Полиция департаменті кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекет дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында үш бала анықталды. Күдіктілердің жасына жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін бұлтартпау шарасы қабылданбады. Іс бойынша барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіледі. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", - деп жазылған полицияның Massaget.kz-ке ресми жауабында.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!