Пойыздарды тазалаумен айналысатын компанияға айыппұл салынды

Пойыздарды тазалаумен айналысатын компанияға айыппұл салынды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Пойыздарды тазалаумен айналысатын компанияға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылардың тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақтылы жинамауына жиі шағымдарына байланысты масс-медиа өкілдерінің қатысуымен жеке тексеріс жүргізілген.
Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанайжәне т.б. бағытында жүретін "Жолаушылар тасымалы" АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті. Бұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ құжаттарды бұрмалау бар.

Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралатын болады.  

Сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" өңірлік филиалының директорына, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына және өндірістік-техникалық оқыту жөніндегі нұсқаушысына пойыздарды тазалау сапасын бақылауға жауапты қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" өңірлік филиалы учаскесі бастығының атқаратын лауазымына сәйкестігі қаралатын болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина