Анталияда демалып жүрген Әбдіжаппар Әлқожа мен Нұрболат Абдуллин ақындығымен таңғалдырды

Анталияда демалып жүрген Нұрболат Абдуллин досы Әбдіжаппар Әлқожамен кездесіп, ақындығымен таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында өлең шығарып, тыңдармандарын таңғалдырған Нұрболат Абдуллинге ақын болған ұнап қалған сияқты. 

Анталияда демалып жүрген Нұрболат Абдуллин досы Әбдіжаппар Әлқожамен кездесіп, досына өлең арнаған. Әбдіжаппар Әлқожаның осы жақтан үй алғанын сүйіншілеген досының өлеңінің мәтіні төмендегідей:

Қапырық бәрі:

Аспан да, Жер де қапырық.

Ауыр бір тозаң

Әлемді тұр-ау жапырып.

...Оңаша кетіп,

Балкон жақта отырып,

Шәй ішсем бе екен,

Әбдіжаппарымды шақырып...

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!