Бүгін Садраддиннің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады

Бүгін танымал жас әнші, хитмейкер Садраддиннің кезекті туындысы жарыққа шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

28 шілдеге жоспарланған жаңа бейнебаян белгілі бір себептермен шықпай қалып, бейнеклиптің премьерасы 29 шілдеге ауыстырылды. Демек, бүгін Садраддиннің тыңдармандары көптен күткен жаңа туындысын тамашалайтын болады. 

Әуелі Садраддин 28 шілде күні 19.00-де жаңа туынды жарыққа шығатынын жазып, "19.00-де толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыздар" деп хабарлап, кейін "Бір себептерге байланысты клип ертең шығады" деп мәлімдеген. 

Жаңа әннің тұсаукесері туралы әнші Садраддин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: "Мен таңда мас күйде... Сәлем, бүгін жаңа ән мен клип шығады. Бір айдан астам уақыт кеткен жұмысымыз сіздерге ұнайды деген үміттеміз. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!