"20 мың теңге тұратын ән". Нұрболат Абдуллиннің жаңа әні сынға қалды

Танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің жақында ғана жарыққа шыққан "Бағың бар" әнін сынап жатқандар көп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әсіресе әннің мәтіні көпшіліктің көңілінен шықпаған сияқты. 

"20 мың теңге тұратын ән-ау, онша өтпей жатыр", "Нұреке оңдырмай қойдың ғой соңғы кезде. Мынау жеңілтек ән", "Сөздері біртүрлі, түгі бар дей ме төс дей ме?", "Бұл әннің мәтінін кім жазып берді екен, ақысын төлемеген сияқтысың ғой", "Хит болсын деп шығара салған сияқты ғой, "аймалағым кеп, ай төсін" деп ұятсыз-ай, осындай ән бола ма?" деп наразылығын білдіріп жатыр тыңдарман қауым.

Алайда, тыңдармандарының бұл пікірін әнші әзіл ретінде қабылдаған сияқты. 

"Басынан бастап қосу үшін YouTube каналыма кіріңіз. Төс туралы екінші куплетінде. Әннің сөзі Р.Амантай, әні Р.Маматқұлов", - деп жазды Нұрболат Абдуллин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз