"Әлі де сене алар емеспіз..." Дәулет Мұқаевтың анасы неден қайтыс болғаны анықталды

Депутат, танымал блогер Дәулет Мұқаевтың анасы неден қайтыс болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін блогердің анасы қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды журналист Дана Нұржігіт жеткізген болатын. 

Дәулет Мұқаевтың көмекшісі Бекарыс Қошқарбай әлеуметтік желідегі парақшасында депутаттың анасының неден қайтыс болғаны туралы ашып жазды. 

"Құрметті оқырман, бүгін таңда Дәулет Мұқааевтай ұлды дүниеге әкелген алтын құрсақты Күлпаш анамыз 56 жасқа тола сала, мезгілсіз дүниеден озды... Әлі де сене алар емеспіз. Мұқаевтар әулетіне, туған туыстарына, ұрпақтарына, барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз. Анамыз өте сирек кездесетін дертке шалдығып, ауруханада 2,5 айға жуық жан сақтау бөлімінде жатты. Амал не.... Қазаның арты қайырлы болсын!", - деп жазды Бекарыс Қошқарбай.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз