Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты бір тәулікке туннель мен жолайрығының съездері жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рысқұлов-Кудерин жолайрығының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.

Мәселен, 28 шілдеде сағат 23.00-ден 29 шілдеде 23.00-ге дейін қозғалыс Кудерин көшесі бойымен Сахалинская көшесінен тоннельдің  соңына дейін толығымен жабылады, Рысқұлов даңғылынан батыс бағытта съезд, шығыс бағытта Солтүстік айналма көшесіне съезд, оңтүстік бағытта бұрылыс.

Айналма жол Москвин, Сахалинская, Крылов және Бөкейханов көшелерімен қамтамасыз етіледі.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады.

Еске салсақ, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2gis және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!