"Құпия". Танымал кәсіпкерлер Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке қандай сый дайындап жатқанын айтты

"Құпия". Танымал кәсіпкерлер Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке қандай сый дайындап жатқанын айтты
Фото: msports.kz

Қазақстандық танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов пен Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Парижде алтын алған Елдос Сметовке көлік сыйламақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-к сілтеме жасап. 

Бұған дейін кәсіпкерлер Сметов Токиодан қола алып келгенде де темір тұлпар мінгізген. Сол уақытта Жұмабек Жанықұлов кілтті табыстап тұрып: "сенің қолаң бізге алтыннан қымбат" деп ағалық қамқорлығын көрсеткенде, Елдос та жігерленіп: "Париждің алтынын алып келемін", - деп уәде берген. Елдос уәдесінде тұрды.

Енді кәсіпкерлер Елдос Сметовке қандай көлік сыйлатынын білмей басымыз қатып отыр дейді.

"Алматыға барамыз. Елдостың келетінін білеміз. Елдостың маңдайына қандай көлік жазылып тұрғанын көреміз", - деді Жанықұлов.

Ал Руслан Берденов көлік салондарын ұсыныспен шығуға шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 1bol.kz (@b1rinshibol)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек