Президент Сметовпен телефон арқылы сөйлесті

Президент Елдос Сметовпен телефон арқылы сөйлесті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Рахмет үлкен. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында. Сіз шығарып салған кезде сізге берген сөзімізде тұрдық, үмітті ақтадық", - дейді Сметов. 

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып, оны Олимп шыңын бағындыруымен құттықтады.

"Қазақтың рухын, жалпы халқымыздың мықты мінезін көрсеттің. Бәріміз сені мақтан тұтамыз. Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің, нағыз жігітсің! Сен сияқты жігіттердің арқасында туымыз әрқашанда асқақтап, желбірей берсін. Жаңа жеңістерге жете бер. Саған және отбасыңа аманшылық тілеймін. Астанада кездескенше!" – деді Президент.

Айта кетейік, бүгін қазақ балуаны Елдос Сметов Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидзеден(Франция) басым түсіп, Қазақстан тарихындағы дзюдодан алғашқы Олимпиада алтынын олжалады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!