Қызылорда облысында мас күйде жүрген 81 адам ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылды

Қызылорда облысында мас күйде жүрген 81 адам ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шиелі аудандық сотына сілтеме жасап.

Айта кетейік, мұндай құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бірінші рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке қамау көзделген.

Мәселен, Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Істің құжаттарына сәйкес, азамат Б. Шиелі кентінде орналасқан РУ-6 шағын ауданында алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін мас күйінде жүріп, бұл құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 844 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!