Атырауда жүк көлігі өртеніп кетті

Өртсөндірушілер жанып жатқан жүк көлігін сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Атырауда Қара депо шағын ауданында жүк көлігі өртенді. ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 20 минут ішінде сөндірілді", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!