Алматыда тағы бір көше аумағы уақытша жабылады

Алматыда Манас көшесінің бір аумағы біраз уақытқа жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Манас көшесінің бір учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"27 шілдеде сағат 23.00-ден 29 шілдеде сағат 07.00-ге дейін Абай даңғылынаң Жамбыл көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!