Аптап ыстық, өрт қаупі: синоптиктер еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер ертең, 27 шілдеде еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

Атырау облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Түркістан облысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 27-28 шілдеде облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Жетісу облысының 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!