Олимпиаданың ашылуында Қазақстанның туын кім алып шығады?

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) баспасөз қызметі Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында ту ұстап шығатындардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сонымен қатар Қазақстанның туын бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов пен 100 және 200 метрде жүгіретін Ольга Сафронова көтеріп шығарады", - делінген ХОК сайтындағы мәліметте.
 

Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов алғаш рет Олимпиадаға қатысқалы жатыр. Боксшы Азия ойындарында күміс пен қола жүлдеге қол жеткізіп, 2023 жылы әлем чемпионы атанды.

Ал Париждегі Олимпиада - Ольга Сафронова үшін төртінші төрт жылдық бәсеке.

Айта кетейік, алдыңғы Олимпиада ойындарында да Қазақстанның туын боксшы мен жеңілатлет алып шықты.

Токиода Қазақстан туын Қамшыбек Қоңқабаев пен үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова көтеріп шықты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!