Қазақстандағы жалақысы төмен 10 маман

Қазақстандағы жалақысы төмен 10 маман
Фото: depositphotos.com

2024 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең төмен жалақы төленетін қызмет түрлері анықталды, - деп хабарлайды Massagеt.kz тілшісі. Ұлттық статистика бюросының ресми берген жауабына сәйкес төмендегі мамандықтардың жалақысы төмен көрінеді.

Орташа есеппен ең төменгі жалақыны балық аулау және балық өсіру қызметін ұсынатын мамандар алады екен. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 134 621 теңге. Салыстырмалы  түрде  Қазақстандағы орташа айлық жалақы  382 279 теңгені құраса, ең жоғарғы орташа жалақы 1 317 158 теңгеге жеткен.

Тізімді жылжымайтын мүлікпен операциялар қызметін ұсынатын  мамандар  жалғайды. Олардың ай сайынғы орташа айлығы  184 636 теңге. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл мамандар ай сайын   212 205 теңге алған екен. 

Орташа  айлығы ең  төмен қызметкерлер тізімінде 3-інші және соңғы орнынды мұғалімдер алып тұр. Нақтырақ, орташа айына 186 475 теңгені мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері және 242 813 теңгені 1 деңгейлі бастауыш білім беру мамандары  алады екен. Қызмекерлер  өткен жылғы  дерек бойынша  бұған  дейін орташа  162 901 теңге және  226 500 теңге алыпты. Өсім  

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу бойынша қызметкерлер  4-інші орынды иеленіп отыр. 190 317 теңге алатын сала мамандары бұған дейін  185 205  теңгені  қанағат тұтақан. 

5-інші және 6-ыншы орындарды өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылықта көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мамандар 211 761 теңге ( 2023 жылы 223 362 теңге) мен ветеринариялық қызметкерлер 214 335 теңгемен ( 2023 жылы 228 234 теңге) бөлісіп отыр.   

7-інші орында әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мамандар 228 050 теңге (2023  жылы  220 129  теңге) жалақысымен, 8-інші  орында  денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтерді ұсынатын қызметкерлер 229 664 теңгемен (2023  жылы 279 097 теңге), 9-ыншы орынды жалпыға қызмет көрсету шегіндегі пошта мамандары 233 086 теңге (2023  жылы   219 962 теңге) алып отыр. 

2024 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең жоғары жалақы төленетін ТОП-10 қызмет түрлері анықталды.

Еңбек және халық әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бүгінде жастар 500 мың теңгеден төмен жалақыға жұмыс істегісі келмейтінін айтты.

Н. Ынтымақұлы