- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда жалақысы жоғары...
Қазақстанда жалақысы жоғары ТОП-10 қызмет қандай?
2024 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстандағы ең жоғары жалақы төленетін қызмет түрлері анықталды, - деп хабарлайды Massagеt.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының ресми жауабына сүйеніп.
Ресми статистикаға сүйенетін болсақ, орташа есеппен ең жоғары жалақыны сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін ұсынатын мамандар алады екен. Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 1 372 158 теңге. Өз кезегінде орташа есеппен ең төмен жалақы балық аулау және балық өсіру қызметін ұсынатын мамандарға тиесілі. Бұл қызмет түрін ұсынатын мамандардың орташа жалақысы айына 134 621 теңгені құраған.
Ұлттық статитика бюросының дерегі бойынша Қазақстандағы бір қызметкердің орташа айлық көрсеткіші 382 276 теңге екенін ескерсек, ең жоғарғы айлық бұл көрсеткіштен 3,4 есеге жоғары, ең төменгі орташа айлық 2,8 есе төмен екенін аңғарамыз.
Тізімде 2-інші тұрған қызмет түріде сақтандыру саласымен байланысты. Ұлттық статистика бюро ұсынған 2023 жылғы қорытынды бойынша қаржылық қызмет ұсынатын мамандардың орташа жалақысы 1 007 073 теңгені құраған. Қазір 1 213 112 теңге, бір тоқсан ішіндегі өсім 206 040 теңге.
3 - орын. Басқару мәселелері бойынша консультация беру қызметімен айналысатын мамандардың биылғы айлық орташа табысы 1 102 220 теңге, өткен жылғы айлық орташа табысы 1 005 858 теңге. Өсім 96 362 теңге.
4 - орын. Теңіз және су жағасындағы жүк көлігінің қызметі, биылғы айлық орташа табыс 1 028 881 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс 982 098 теңге. Өсім 46783 теңге.
5 - орын. Жеке меншік жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату қызметі, биылғы айлық орташа табыс 973 927 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс 263 928 теңге. Өсім 709 999 теңге.
6 - орын. Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер көрсететін мамандардың биылғы айлық орташа табысы 938 377 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс 857 117 теңге. Өсім 81 260 теңге.
7 - орын. Жолаушылар әуе көлігінің қызметі, биылғы айлық орташа табыс 927 318 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс 909 239 теңге. Өсім 18 079 теңге.
8 - орын. Әуе көлігінің қызметі, биылғы айлық орташа табыс 916 408 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс 897 497 теңге. Өсім 19 911 теңге.
9 - орын. Құбыр көлігінің қызметі, биылғы айлық орташа табыс 885 665 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс 816 195 теңге. Өсім 69 470 теңге.
10 - орын. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметі, биылғы айлық орташа табысы 889 029 теңге, өткен жылғы айлық орташа табыс 771 048 теңге. Өсім 117 981 теңге.
Қазақстанда жалақысы төмен ТОП -10 қызмет.
Н. Ынтымақұлы