Қарбызды нанмен жеудің күтпеген қаупі айтылды

Қарбызды нанмен жеудің күтпеген қаупі айтылды
Фото: Freepik.com

Кейбір адамдар қарбызды нанмен жегенді ұнатады. Бұл екі өнімді бірге жеудің зиян екені ғылыми түрде дәлелденбегенімен, қауіп факторы әлі де бар. Бұл туралы сарапшы Ирина Лялина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Life.ru сілтеме жасап.

Қауіп факторының біріншісі - ас қорыту проблемалары. Ирина Лялинаның сөзінше, қарбыздың құрамында су мен талшық көп, оны нан құрамындағы көмірсулармен араластырғанда, іш кебу мен газ пайда болуы мүмкін.

Тағы бір мәселе - қарбыз құрамындағы қант пен нанның құрамындағы күрделі көмірсулардың үйлесуі.

"Бұл гипертония немесе атеросклероз аурулары бар қант диабеті немесе инсулинге төзімділігі бар адамдар үшін қауіпті қандағы қант деңгейінің тез көтерілуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Мұндай ауруларда жеуге болатын қарбыздың максималды мөлшері бір-екі ғана бөлік", - деп ескертті ол.

Маман асқазан-ішек жолдарының аурулары, қант диабеті, гипертония, жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі үшін ол бидай немесе қара бидай нанын таңдауды ұсынды.

Ал дені сау адамдардың көпшілігі үшін нан мен қарбызды біріктіру аса ауыр салдарға әкелмейді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә