Талдықорғанда "Ардагерлер саябағының" жері жекеменшікке өтіп кеткен

Сот Талдықорған қаласы прокуратурасының "Ардагерлер саябағының" 74 гектар жерін жеке тұлғаға беруді заңсыз деп тану және оларды мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокурорлар жалпы пайдаланудағы орман саябағы аймағына жататын учаскенің 2004 жылы жеке тұлғаға заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтаған (Жер кодексінің 26-бабы бұзылған).

Кейіннен, жаңа жер иесі элиталық коттедждік қалашық салуды көздеп, оның пайдалану мақсатын өзгерткен. Сол үшін саябақ аумағы 240 учаскеге бөлінген.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!