Қайтыс болған танымал комментатордың ұлы Олимпиадаға аттанды

Қайтыс болған қазақстандық комментатор Амангелді Сейітханның ұлы Олимпиадаға комментатор ретінде аттанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы танымал журналист Дана Нұржігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

"Кеше Амангелді Сейітхан әріптесімнің ұлы Бекарыс Олимпиадаға комментатор ретінде жол тартқанын естіп қатты қуандым. Әкесінің мектебі ғой бұл. Әбекеңнің 8 наурыз күніне орай жазған өлеңін тауып алдым бүгін. Оқыңыздар ал!", - деп жазды журналист. 

Амангелді Сейітханның фотосуретімен бірге әріптесінің өлеңін де жариялады. 

"Әріптесім Амангелді Сейітханның өлеңін аттым сіздерге,қыздар!
Қалауыңды ал, құрметтейтін қауым бар.
Алауың бар, өн бойыңда жалын бар.
Саналы ұлдар құттықтайды, арулар,
сен болмасаң сағынышым қалыңдар

Сен болмасаң.. өмір сүру бекер ғой
Жақсы тағдыр - біреуге ұнау екен ғой
жұбайлар бар жұп боп жүрер жұмақта
қол ұстасып баруды аңсар мекен ғой

Бұл мейрамға баға бердік не түрлі,
Жыр арналды. Кейбіреулер өкінді.
Маған салсаң, сегізінші Наурыз,
Аналарды аңсайтын күн секілді

Маған салсаң, қыз біткенді құрметтеп
Дөрекілік танытпауды міндеттеп,
Тыңдайтын күн секілді ғой тың уағыз,
Қызды сыйлау түсінгенге бір мектеп.

Қызды сыйлау.. Ұғынғанға шын өмір.
Аруларын ардақтаған бұл өңір...
Мерекеңмен, ең әдемі достарым!
Міне жырым, міне сыйлық, міне гүл!".

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!