Қарағанды ​​облысындағы жантүршігерлік жол апаты: үш көлік соқтығысып, адамдар мерт болды

Қарағанды ​​облысындағы жантүршігерлік жол апаты: үш көлік соқтығысып, адамдар мерт болды
Фото: видеодан алынған кадр

Қарағанды ​​облысындағы Алматы-Екатеринбург тасжолында үш көлік соқтығысып, адамдар мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Қарағанды ​​мен Балқаш арасында болып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды.

Әлеуметтік желіде жантүршігерлік оқиға орнынан түсірілген видео тарады. 

"Жол апаты сағат 15:00-де 928-шақырымда Шопа елді мекенінің маңында болды. Toyota Prado, Hyundai Sonata және Toyota Avensis көліктері соқтығысты" , - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

В ведомстве призвали водителей строго соблюдать правила дорожного движения, не нарушать скоростной режим и не выезжать на полосу встречного движения.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан