Алакөлде дельтаплан құлады: оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды

Азаматтық авиация комитеті дельтапланның апаттық жағдайда қонуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін 2024 жылғы 25 шілдеде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында сағат 17.15-те дельтаплан апаттық жағдайда қонды.

Екі адам зардап шекті.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп жатыр.

Осы авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!