Күнге күйгеннен кейін қабыршақтанған теріні жұлуға бола ма? Дәрігер түсіндірді

Дерматолог, трихолог Наталья Щеплева жағажайда күнге күйгеннен кейін иық пен арқадағы тері қабыршақтанса не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mail.ru сілтеме жасап.

Адам терісі бірнеше қабаттан тұрады. Бірінші қабат (эпидермис) - бұл сыртқы факторлардан, соның ішінде күннен қорғайтын негізгі қабық. Ал күнге күю (загар) - күн сәулесінен пайда болуы мүмкін жарақаттарға терінің қорғаныс реакциясы.

Егер тері қатты жарақат алса және күйік пайда болса, онда "өлі қабат" пайда болып, біртіндеп көтеріле бастайды. Бұл жағдайда теріні жұлуға болмайды, өйткені терінің астыңғы қабаты қалпына келіп үлгеруі қажет, күш алу керек. Бұдан бөлек, теріні жұлу кезінде сау қабатты зақымдауыңыз мүмкін.

Тағы бір қауіп - егер сіз "піспеген теріні" жұлып тастасаңыз, пигментация пайда болуы мүмкін. Сондықтан мұндай кезде пилинг немесе скраб қолдануға болмайды.

Егер тері күйгеннен кейін қабыршақтанса, алоэ немесе пантенол қосылған гельді немесе жеңіл крем жағыңыз. Бірақ қарапайым қатты сабын мен ылғалдандыратын өнімдерді мүлде қолданбаған жөн. Бұл терінің күйін нашарлатуы мүмкін. Күнге күйгеннен кейін күн сәулесіне тек жабық киім киіп шығыңыз. Сондай-аұ, мұндай кезде киімнің табиғи маталардан тігілгені жөн.

Сонымен қатар, бір рет күнге күйгеннен кейін қайта күнге күю ұсынылмайды, өйткені ультракүлгін сәулелері күйікті күшейтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!