"Қыздарды жақсы көремін". Танымал спортшы үшінші әйел алуды жоспарлап жүргенін айтты

Аралас жекпе-жектен қазақстандық шебер Жалғас Жұмағұлов "Rukh Entertainment" подкастында көп әйел алу жайлы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы екі әйелі бар екенін, алайда үшінші әйел алуды жоспарлап жүргенін жасырмады.

"Әзірге екі әйелім бар, жақында үшеу болады деп ойлаймын. Көздеп жүргенім бар. Арыстан көп, бірақ бірнеше ұрғашыны ұстайтын арыстан аз. Қыздарды жақсы көремін. Жақсы көресің бе, онда үйлен. Егер бір әйелді қанағат тұтсаң, онда бір әйелмен ғана тұр, өз еркің", - деді ол.

Жұмағұловтың айтуынша, көп әйел алу қазақтың тарихы мен мәдениетінде бар..

"Сіздерде қалай екенін білмеймін, менің өз ата-бабамда көп әйел алғандар болды. Бұл үрдіс біздің жалпы мәдениетте де кездеседі. Мен бұл жерде проблема көріп тұрған жоқпын. Бірақ, кейбір адам бірнеше әйел алуды оңай деп ойлайды. Сырттан қарағанда солай көрінуі мүмкін, бірақ олай емес. Сен әрбір әйеліңе бірдей қарап, өте әділ болуың керек. Олар үшін сен жауаптысың", - дейді спортшы.

Жалғас Жұмағұлов 5 қыз және 2 ұлы бар екенін айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз