Астанада құрылысшының басына кірпіш түсіп қаза болды

Әлеуметтік желіде құрылыс аумағында жатқан ер адамның видеосы пайда болды. Видео сипаттамасында ер адам биіктен құлағаны айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елордалық Полиция департаменті биіктен құлау дерегін жоққа шығарды. Құрылыс алаңында жұмысшының басына кірпіш түсіп, өліміне себеп болғаны айтылған.

Қайғылы оқиға 19 шілдеде болған.

"Оқиға 19 шілдеде болған. Астанада полиция құрылыс нысанында жұмысшының қаза болу дерегі бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - делінген елордалық ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!