Қарағанды облысында құтқарушылар көліктен шыққан өртті 10 минутта сөндірді

Қарағанды облысында құтқарушылар көліктен шыққан өртті 10 минутта сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін Абай қаласында болған. ТЖМ күштерімен жеңіл көліктегі өрт шақырту түскен сәттен бастап 10 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!